СҚО-да қалайы кен орны игеріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да қалайы кен орны игеріле бастады

07.06.2019

Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылы маңындағы кен орнын зерттеуге 18 жыл жұмсалды. Мамандардың айтуынша, бұл жерде 153 мың тонна руда жатыр, оны жылына 10 мың тоннадан қазып алу жоспарланған. Негізінен бұл металл машина жасау саласына қажетті мойынтіректер әзірлеуге қолданылады.

Жалпы, бұл жобаны жүзеге асыруға 100 милилард теңге инвестиция тартылды. Кенішке коммуникациялар тартуға мемлекеттен қолдау көрсетіліп, 2 миллиард теңге бөлінген.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу