Ақтауда мемлекеттік рәміздер күніне орай, 700 мемлекеттік қызметші бір мезгілде Әнұранды орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда мемлекеттік рәміздер күніне орай, 700 мемлекеттік қызметші бір мезгілде Әнұранды орындады

04.06.2019

Орталық алаңдағы көк тудың астына жиналғандар осылайша мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті. Шараға басқармалар мен бөлім қызметкерлері түгелдей атсалысты. Сала ардагерлері де қатысып, жастарға атаулы күннің маңызын түсіндірді. Шара барысында жас мамандарды мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімі өтті.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу