Бүгін елордалықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елордалықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды

31.05.2019

Монументтің алдына қала әкімдігі, әртүрлі партиялардың өкілдері және қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен тұрғындар келген. Барлығы гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік сақтады. Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінен сол кездегі солақай саясаттың қанды соқпағынан 103 мың  адам қуғын-сүргінге ұшырады. Арада қанша жыл өтсе де, ол жара әлі жазылған жоқ. Қанқұйлы  кезеңнің  қасіретін ұмытпай, ақиқатына терең мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақтың парызы.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу