Петропавлдағы «Зиксто» зауытының жұмысшыларына жалақылары төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы «Зиксто» зауытының жұмысшыларына жалақылары төленді

31.05.2019

 3 айдан бері  ақшаларын ала алмай жүрген еңбеккерлер  15  мамыр күні  басшылықтан еңбекақыларын талап еткен болатын. Істің ушығуына байланысты бұл мәселені облыс әкімі өз бақылауына алып, 31 мамырға дейін қарыз өтеледі деп сендірген болатын.  Прокурорлардың араласуымен кеше зауыт жұмысшылары еңбекақыларын алды. Енді жаңа тапсырыстар түсісімен-ақ, тоқтап тұрған кәсіпорын жұмысын бастайды. Зауыт басшылығы ауысып, тығырықтан шығар жол қарастырылуда.

Асхат Ауқатов, қала  прокуроры:

Жұмысшылардан түскен шағым бойынша бірден жұмыс тобын құрып, тексеріс жүргіздік. Жұмысшылар мен басшылықты бір жерге жинап, кездесу өткіздік. Зауыт директоры 1 маусымға дейін жалақы бойынша берешекті қайтаратынына уәде берген, орындады. Ал кәсіпорынның жұмысының жандануы жергілікті атқарушы билік назарында.  

 Сағындық САБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу