Қазақстанда целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өндірісі артта қалып, қаптама индустирясы дамымай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өндірісі артта қалып, қаптама индустирясы дамымай отыр

29.05.2019

Елде шикізат – жеткіліксіз. Бұл туралы саланы дамыту бойынша өткен форум барысында айтылды.

Мәселен, Шымкентте шығарылатын дәрінің қаптамалары елге  көрші мемлекеттен жеткізіледі.

Ал батыстағы кәсіпкерлерге макулатураны Алматыға тасымалдағанша, Ресейге апарып өткізген тиімді. Сол себепті, макулатураны шетелге шығаруға тыйым салынбақ. Өзекті мәселені шешу үшін, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алдына осындай тапсырма қойып отыр. Бизнеске серпін беретін жеңілдіктер жасалмақ. Айта кетейік, былтыр осы салада республика бойынша, 58 миллиард теңгеге өнім өндірілген.

Асқар Сағиданов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқарма басшысы:

Осы индустрияны дамыту, оның ішінде, қағаз өнеркәсібін дамыту мақсатында министрліктің алдында өнімнің өндірісін ұлғайту мәселесі тұр. Жалпы өндіріс бойынша қандай проблемалар бар, мәселен, шикізаттың жетіспеушілігі. Соны шешу мақсатында осындай шара қолданып жатырмыз. Макулатураны шетке шығаруды шектеу. Оны іште қолдануымыз керек.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу