Ұлттық арна көтерген мәселе қылмыстың жедел ашылуына ықпал етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна көтерген мәселе қылмыстың жедел ашылуына ықпал етті

24.05.2019

Бұған дейін біз Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында мал ұрлығы өршіп тұрғанын айтқан болатынбыз. Ауыл тұрғындары ұрылар ұсталмайтынын, қылмыстың ашылмайтынын айтып, шағымданған еді. Енді, міне, Полиция департаменті Жаңақала мен Бөкей ордасы аудандарының аумағында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан топтың ұсталғанын хабарлады.

Күдіктілер 13 дерекпен қолға түскен. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Болатбек Белгібеков, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Жаңақала ауданында бұған дейін де мал ұрлығы фактісі, шын мәнінде, өршіп тұрды. Оған байланысты ол жерде бөлім қызметкерлері жұмыстанған болатын. Оған қосымша осы облыстық Полиция департаментінен тәжірибелі мамандар жіберіліп, соның арқасында осы қылмыстың ашылуына себеп болды деп айтуға болады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу