Қазақстанда 100-ден астам ауыл жойылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 100-ден астам ауыл жойылуы мүмкін

24.05.2019

Ел аумағындағы 100-ден астам ауыл жабылуы ықтимал. Бұл туралы «Ауыл - ел бесігі» жобасының жоспарларымен бөліскен Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов айтты. Себебі бұл ауылдардың болашағы жоқ.

Әлеуметтік нысандар, яғни медицина, білім мекемелері мен спорттық нысандар жұмысын түбегейлі тоқтатқан. Халық саны азайған. Қазіргі күні елімізде 6,5 мың ауыл бар. Соның тең жартысында – 500-ге жетер-жетпес адам тұрады екен. Тіпті, 50 тұрғыны бар кішігірім ауылдар да бар. Осы ретте «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында еш ауыл назардан тыс қалмайды деген жауаптылар жыл санап құрып бара жатқан ауыл тұрғындарын басқа жерге көшіруді көздеп отыр.

Ермек Алпысов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Егер дамуы жоқ ауылдар болса, біртіндеп жабылады. Бірақ біз оған қолдау көрсетіп, жағдай жасауымыз керек. Басқа жерге көшіру, қосымша тұрғын үйді салу, аудан орталықтарына көшіру мәселелерін жергілікті органдар қарастыруда.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу