Egemen Qazaqstan газетінің 100 жылдығына орай елордада 100 түп ағаш егілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Egemen Qazaqstan газетінің 100 жылдығына орай елордада 100 түп ағаш егілді

20.05.2019

Egemen Qazaqstan газетіне – 100 жыл. Аға басылымның мерейтойына орай елордада бұқаралық ақпарат құралдары аллеясының негізі қаланды. Тілшілер қауымы ғасырлық той аясында 100 түп көшет отырғызды. Журналистер,телеарна және басылым басшыларымен бірге тал отырғызуға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та қатысты.

 Айта кетейік, халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айнала білген басылымның мерейтойы аясында жыл бойы игі істер атқарылмақ. Қазір қазақтың 100 жылдық тарихының жылнамасы ретінде 10 томдық дайындалып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 5 томы жарық көріп, оқырманға жол тартты.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу