Алдағы 10 жылда су тапшылығы 10 пайызға жоғарылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы 10 жылда су тапшылығы 10 пайызға жоғарылайды

17.05.2019

Ал тіршілік нәріне деген қажеттілік 30-50 пайызға дейін өседі. Астана экономикалық форумына қатысқан ғалымдар осындай болжам айтып отыр.  Осы ретте өзендер мен көлдерді қорғап, агро салада  барынша жаңа технологияларды енгізу қажет. Ал орталық Азия елдері үшін бірлесе жұмыс істеуден басқа жол жоқ дейді ғалымдар. Өйткені өңірдегі негізгі су көздері транс-шекаралық өзендер мен көлдер болып табылады. Жиынға қатысқан көршілес мемлекеттердің өкілдері де бұл сөзбен келісіп отыр. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі  саладағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеру үшін орталық Азияда халықаралық су-энергетика консорциумын құруды ұсынды. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Осы консорциум арқылы әр мемлекет судың көлемін қанша алатын қарамауы керек. Осы екі саланы біріктіріп мемлекеттер бірігіп басқарғанда қандай экономикалық өзіне  пайда табатынын ойлауы керек.  Алғашқы самиттің аясында осы процесті бастадық.

Хабарламаларға жазылу