Ерлікпен қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевтың отбасына III дәрежелі «Айбын» ордені берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлікпен қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевтың отбасына III дәрежелі «Айбын» ордені берілді

07.05.2019

Бүгін Атырауда ерлікпен қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевтың отбасына Президент Жарлығымен III дәрежелі «Айбын» ордені табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиев наурыздың 21 күні суға батқан әйелді құтқарып қалып, өзі жағаға жете алмай, қайтыс болды. Қаһарман ұланның есімін ұлықтаған жұрт бүгін айрықша құрмет көрсетті. Тәуелсіздік жылдарында ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшыларына арнап ескерткіш тақта бой көтерді.

Ләззат Мұқанова, Ш. Ақымғалиевтың анасы:

 - Әскерден келгеннен кейінгі өзінің арманы осы болатын. Қиын. Айтқан сөзім бар еді, досыңа адал бол, абыройыңа адал бол, берік бол, аманатқа қиянат жасама, қай жерде жүрсең де, тек адалдығыңмен жүр деп. Мама соныңды орындаймын деп, есімнен ештеңе шығармаймын, бәрі айтқаныңыздай болады деп айтқан еді. Соны орындады деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу