Мәжіліс депутаттары қарағандылық көпбалалы отбасылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары қарағандылық көпбалалы отбасылармен кездесті

06.05.2019

Парламент Мәжілісінің депутаттары Қарағанды облысының Шет ауданындағы аз қамтылған және көпбалалы отбастарымен кездесті. Өңірде бұл бағытта жасалып жатқан ілкімді жұмыстар аз емес.

Ауданда орталығында жақында әлеуметтік дүкен ашылған. Енді аз қамтылған және көпбалалы отбасылар азық-түлік пен киім-кешекті осы жерден тегін алады. Аудан бойынша қазір 32 жанұяға көмек беріледі. Ай сайын әр отбасыға 40 келіге дейін азық-түлік алуға болады. Мұнда киім-кешектің де сан түрі самсап тұр. Дүкен қожайындары әзірге 5 айға жететін қор бар екенін айтады. Игі шара осы өңірдегі кәсіпкерлердің, жомарт жандардың көмегімен жүзеге асып отыр. 

Сондай-ақ, халық қалаулылары көпбалалы аналармен де кездесті. Олардың алды әлеуметтік жәрдемақыны ала бастаған.

Майра Айсина, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Бір жақсы келтірілген нәрсе екен. Өздеріңіз білесіздер, кәсіпкерлер қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Бірақ олар кімге қалай көмектесіп жатыр? Онша біле қоймаймыз. Ал, мына жерде бәрі ашық түрде. Барлық жерден ақшаны бір жерге жинап, қаражатты да, киім-кещекті де бір жерден беріп, барлығын бір жерден үлестірсін деген өте тиімді тәжірибе екен.

Гүлжазира Жүнісова, «Алтын алқа» иегері:

- Жылда алмайтын АӘК-ке ілігіп отырмын. 125 900 алдым осы жолы. Ені ай сайын алып отырасын деді. Рақмет айтамын.

Хабарламаларға жазылу