Автокөліктің техникалық байқаудан өткендігі туралы сертификатты алу тәртібі қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автокөліктің техникалық байқаудан өткендігі туралы сертификатты алу тәртібі қиындады

03.05.2019

Енді көлік толық тексерілмей жолға шығуға рұқсат берілмейді. Өзгерістер бүгіннен бастап күшіне енді.

Бұрын Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында алаяқтар рұқсат қағазын арнайы бланкқа шығарып сататын. Оны алу үшін көліктің суретін беріп, ақша төлесеңіз жеткілікті. Мұндай деректерді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері бірнеше өңірде тіркеген. Енді сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолы табылды деп отыр мамандар.

Жанар Тайжанова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы:

- Тіркеу үшін немесе қайта тіркеу үшін диагностикалық карта деген міндетті түрде қажет болған. Ол талапты қазір заңнамадан алып тастады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу