Қостанай облысында астық экспорты артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында астық экспорты артқан

02.05.2019

Былтыр күзде диқандар алқаптан 4 млн тоннадан аса өнім жинады. Соның 2 млн 200 мың тоннасы алыс-жақын шетелге саудаланыпты. Ал, 2017 жылғы өнімнің экспорты 1 млн 300 мың тонна көлемінде ғана болған еді. Сұраныс көбейгесін бидайдың да бағасы күрт өсіп, жер емген диқанның мұрты майланды.

Қазір облыс бойынша қамбада сақтаулы астықтың қоры 500 мың тоннадан асады. Мамандардың айтуынша, өңдеуші кәсіпорындар үшін бұл жеткілікті. Яғни, шикізат тапшылығы жоқ.

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Осындай көктемгі, жазғы уақытта бидай тапшылығы болатынын біліп, көбісі алдын ала астықты сатып алып, өз қоймаларында немесе сақтаушы кәсіпорындардың қоймаларына сақтап отырады.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу