БҚО-да жер телімін игеру бойынша 182 заңбұзушылық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жер телімін игеру бойынша 182 заңбұзушылық анықталды

02.05.2019

Олардың 91-і мемлекеттік жерді заңсыз иеленіп алуға жатады. Әкімдер тарапынан да кемшілік анықталды. Үш ауданда жер берудің мерзімі бұзылып, жалға алу уақытылы ұзартылмаған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқапты қолдануда қателіктер бар. Тексеріс нәтижесінде 10 жер телімі мақсатына сай, қайта игеріле бастады.

Жалпы, соңғы 7 жылда өңірде 1,5 млн гектар жердің пайдаланылмай бос жатқаны анықталды. Соның 1 млн 29 мың гектары мемлекетке қайтарылды

Мұрат Өмірәлиев, облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы:

- Тексерістің қорытындысы бойынша 19,5 млн теңге айыппұл салынды. Нәтижесінде 16 млн 800 мың теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Негізгі заңбұзушылықар – коммерциялық мақсаттағы жерлердің уақытылы игерілмеуі, ауыл шаруашылығы жерінің толыққанды пайдаланбауы немесе ұтымсыз пайдаланылуы.

 Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу