Қостанай облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

29.04.2019

Қостанай облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған аудан, қала әкімдері, 50-ден астам ірі кәсіпорын өкілдері қатысып, жас мамандарға қажетті қызмет орындарын ұсынды.

Бұл жолы ауылдық жерлерден келген жұмыс берушілердің қатары көп. Елді мекендерге мұғалім, дәрігер, ветеринар сынды мамандар керек. Кадр тапшылығын сезініп отырған ауыл-аймақтар жәрмеңкені қуана құптап, жұмыс іздеген жастармен жүздесті. Мәселен, Қостанай облысына қарасты Федоров ауданы жас мамандарға баспана береді екен.

Жалпы, биылғы жылы Қостанай өңірінде оқу орындарын 4000 мыңға жуық түлек тәмамдамақ. Оның 700-жуығы «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатыр.

Рамиль Валеев, Федоров ауданы әкімінің орынбасары:

- Жас мамандарға тұрғын үйлер беріледі.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу