Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 289 көлік жүк тасымалы тәртібін бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 289 көлік жүк тасымалы тәртібін бұзған

24.04.2019

Олардан 7,5 млн теңге айыппұл өндіріліп алынды. Транспорттық бақылау инспекциясы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, прокуратура, полиция бірлесіп жол үстінде қабылдау өткізді.

Мақсат - жүргізушілердің құқығы және тасымалдау ережелерін түсіндіру. Себебі бақылаушы органдардың діттегені - көлік иелерін айыптап, ақша өндіріп алу емес, оларды заң аясында жұмыс істеуге бейімдеу. Оның үстіне ереже бұзған адам мемлекетке айыппұл төлегеннен гөрі, инспектормен «бармақ басты, көз қысты» әрекетке барғанды тиімді санайтыны жасырын емес. Сондықтан бұндай шара енді тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Қуаныш Ермұханов, Көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы:

- Автокөлік құралына біліктің санына байланысты қандай салмақтық немесе габариттік параметрлер, тиеу немесе сақтау жөнінде сұрақтар туындайды. Бүгінгі іс-шара осы мәселелерді талқылау мақсатында.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу