Ақмола облысы: Есіл ауданында ұсақ фермерлер кооперативтерге бірігуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысы: Есіл ауданында ұсақ фермерлер кооперативтерге бірігуде

27.06.2014
Ақмола облысы: Есіл ауданында  ұсақ фермерлер кооперативтерге бірігуде
Ақмола облысы Есіл ауданында ұсақ фермерлер кооперативтерге бірігуде. Мәселен, Красивое елді мекенінде 50-ге жуық отбасы бірігіп, кооператив құрды.
 
Қазір ұжымда 120 ірі қара бар. Оларды Елбасы Жолдауына сәйкес асылдандыру көзделген.
 
Осы мақсатта аталған елді мекенге Сандықтау ауданындағы Балкашин ауылынан қазақтың ақбас бес бұқасы әкелінді.
 
Алдағы уақытта тағы бірнешеуін әкелу жоспарда бар. Кооперативтегі ірі қаралардан алынған асыл тұқымды әрбір төл үшін мемлекеттен 18 мың теңге субсидия төленетін болды.
 
 Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу