Қостанай облысының Амангелді ауданында Жастар саябағы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Амангелді ауданында Жастар саябағы салынады

16.04.2019

Қостанай облысындың Амангелді ауданында биыл 2 мың түп жас көшет отырғызылады. Сонымен қатар, орталық көшелердегі бірнеше алаңқай гүлмен көмкеріледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 400 мың теңге бөлініп отыр.

Сондай-ақ, аудандағы барлық елді мекендерде көшелер тазаланып, ақау шыққан жарық шамдары ауыстырылады. Қоқыс полигондарының санитарлық нормаға сәйкестігі тексеріледі. Мұның бәрі сәуір-маусым айларына белгіленген абаттандыру жұмыстары аясында жүзеге асады.

Малшыбай Қаласов, Амангелді ауданы әкімінің орынбасары:

- Абаттандыру жұмыстарына 12 млн 723 мың теңге бөлініп отыр. Барлық жұмыстарға. Сонымен қатар Жастар жылына орай Жастар саябағы салынады. Оған демеушілер есебінен 35 млн теңге қаржы жұмсалады деп отырмыз.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу