«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы қарқынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы қарқынды

16.04.2019

Елордаға көгілдір отын жеткізетін «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жүргізілетін ұзындығы 1061 шақырымдық құбырдың бастапқы 179 шақырымы Қызылорда арқылы өтеді. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстары қамтылған. Қазір 2 бригада күніне 4 шақырым газ құбырын жүргізуде.

«Сарыарқа» газ құбыры іске қосылғанда 171 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Оның 119-ы - Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының, 51-і Ақмола облысының ауыл-аймағы.

Нұрлан Баймырзаев, «Құтты мекен» партиялық жобасының жетекшісі:

- Осы айдың соңына дейін мердігерлер Қызылордадан өтеміз дейді. Одан кейін қыркүйекке дейін Астанаға жеткіземіз деп жатыр. 

 Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ            

Хабарламаларға жазылу