Атбасардағы Жабай өзенінен келетін қауіп сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атбасардағы Жабай өзенінен келетін қауіп сейілді

12.04.2019

Су деңгейі бір тәулікте 50 см төмендеген. Сондай-ақ, мамандар Астрахан ауданындағы Колутон өзені арнасынан асып, ауылды су басып қалуы мүмкін екенін айтқан еді. Алайда бұл аумақта да жағдай тұрақталған. Тек су деңгейі көтерілгенде автожол төсемесі зақымдалып, көлік қозғалысына бөгет болып тұр.

«Қазір жергілікті жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шамамен 4 күн ішінде көлік қатынасы реттеледі»,-деді Владимир Беккер. Жалпы алғанда, еліміз бойынша су тасқынына қатысты алаңдауға негіз жоқ.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Өткен тәуліктерде республика аумағында тұрғын үйлерді су басу және автомобиль жолдарын шайып кету дерегі тіркелмеді. Өзендерде су деңгейі бірте-бірте төмендеп жатыр. Сонда да қауіпті саналған учаскелерде сақтық шараларын күшейттік. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында. Осы өңірлерде 9 мың метрден астам уақытша бөгет салынды. 65 мың инертті материалдар қойылды және 1,6 млн текше метр су сорылды.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу