«Бақытты отбасы» жобасы аясында Қарағанды облысында бір мыңнан астам шаңыраққа көмек көрсетілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты отбасы» жобасы аясында Қарағанды облысында бір мыңнан астам шаңыраққа көмек көрсетілген

11.04.2019

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында Қарағанды облысында бір мыңнан астам шаңыраққа көмек көрсетілген. Елбасының бастамасымен қолға алынған әлеуметтік жоба халыққа пайдасын мен өміршеңдігін көрсетті.  Айта кету керек, қазір өңірдегі партияның облыстық филиалы мен оған қарасты бөлімшелері бір терезе қағидасымен жұмыс істеуде. Соның арқасында партияға өтінішпен келген азаматтардың барлығына мейлінше көңіл бөлінуде.

Бес баланың анасы Ольга Марущак мына ескі үйде тұрып жатыр. Іргетасы сөгіліп, қабырғасы жарылған. Екінші топтағы мүгедек үй кезегінде тұрғанына -8 жылдан асты.  Мүгедектігі үшін 35 мың теңге алып келген. Енді міне, әр балаға 21 мың теңгеден атаулы әлеуметтік төлемге іліккен. Бұл отбасыға «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы жобасы аясында да көңіл бөлініп отыр.

Ольга Марущак, көпбалалы ана:

«Nur Otan» партиясы тарапынан отбасыма біраз көмек көрсетілді. Емханада денсаулығымды тексерттім. Кенже ұлымды балабақшаға орналастырды. Ортаншы қызымның көзі көріңкіремей, басы жиі айналатын. Шипажайға жолдама әперді. Енді баспаналы болсам деймін.Ол үшін де партия тарапынан заңгерлік кеңестерін тегін көрсететіндіктерін айтты.

Жалпы облыс бойынша «Бақытты отбасы» жобасы аясында 1200 аз қамтылған жанұяға әлеуметтік көмек көрсетілген. Оларға материалдық, заңгерлік қолдаулар жасалған. Сондай-ақ, олардың балаларын балабақша, мектепке оналастыру, ЖОО түсуіне жағдай жасау сынды ауқымды жұмыстар жүргізілген. Ал ата-аналарына жұмысқа тұруы үшін көмектескен.

Назарбек Бекбатыров, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

-Партиямыздың бастауымен және демеушілеріміздің көмегімен биыл көпбалалы отбасыларға 5 пәтер берілді. Билік тарапынан да көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі таңда көпбалалы отбасыларға жеңілдікпен үй алу үшін жеңілдетілген жобалар жасалуда, несиелер берілуде.

Бүгінгі күні партияның облыстық филиалы мен оған қарасты бөлімшелер бір терезе қағидасымен электронды жүйеде жұмыс істейді. Яғни, азаматтардың арыз-шағымдары, әлеуметтік мәселелері жедел қаралады. «Бақытты отбасы» жобасының іске асырудың тиімді тетіктерінің бірі осы. Аз уақытта қаншама жанұяға көңіл бөлініп отыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу