Ақмола облысында елді мекендерді су бас қаупі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында елді мекендерді су бас қаупі жоғары

05.04.2019

Себебі, Атбасарға жақын жерде Жабай өзенінің деңгейі бір тәулікте 70 см көтерілді.  Сондай-ақ, Астрахан ауданындағы Колутон өзенінің деңгейі 1 метр 32 см-ге жеткен. Аталған аумақтарда төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Арнайы инженерлік теxника да бар. Дегенмен, судың деңгейі шекті мөлшерден 6 см-ге асып тұр. Сондықтан, сақтық шаралары күшейтілген.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

Шамамен, бір метрдей әлі қосалқысы бар. Бірақ, инертті материалдар, қаптар бар. Соның бәрін қойып шыққаннан кейін әлі де бір метрге дейінгі суды ұстай аламыз. Біз қолдан бөгетті жасап қойдық. Әзірше сол ұстап тұр. Төтенше жағдайлар құрылымдары дайын отыр.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу