Болашақ мамандар мен кәсіби мамандар жиыны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болашақ мамандар мен кәсіби мамандар жиыны

05.04.2019

Назарбаев университетінің болашақ мұнайшылары мен инженерлері кәсіби мамандармен кездесіп, өз мамандықтарына қатысты тәжірибе алмасты. «Astana Munay Fest» деп аталатын шара биыл екінші рет ұйымдастырылды. Студенттер үшін ерекше шараға елдегі мұнай-газ саласының белді өкілдері қатысты.  Болашақ мамандар мен кәсіби мұнайшылар саланың болашағына қатысты пікірталас өткізді. Экс Мұнай және газ министрі  Ұзақбай Қарабалин мұнай өндірісінің тарихы туралы айтып берсе, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының өкілдері мұнай қорына қатысты соңғы жаңалықтармен бөлісті.

Андрей Свечников, «Қазмұнайгаз  АҚ» -ға  қарасты ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары:

Біздің компанияның былтыр он жылға арналған стратегиялық жоспары қабылданды. Ол бойынша, мұнай қорын 1 миллиард тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. 2028 жылға дейін жаңа кен орындары пайдаланыла бастайды. Осындай жоспарларымыз туралы болашақ студенттермен пікіріталастырдық.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу