Көңіл көтеретін мекемелерде заңбұзушылықтар жиі тіркеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көңіл көтеретін мекемелерде заңбұзушылықтар жиі тіркеледі

03.04.2019

Жыл басынан бері полицияға қаладағы ойын-сауық мекемелерінен тәртіп бұзушылық бойынша 3 жарым мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Көңіл көтеру орындарында тәртіпсіздіктер туралы хабарламалар негізгізінен  сағат түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін жіберіледі екен. Олардың көбі қоғамдық тәртіпті бұзып, төбелес шығарғандарға байланысты. 

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында бүгін қалалық әкімдікте  жиналыс өтті. Оған мекемелердің басшылары мен полиция қызметінің өкілдері қатысты. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, түрлі келеңсіздіктер орын алғанда мекеме басшылары өздерінің беделі үшін тәртіп сақшыларын шақырғысы келмейді екен.

Бұдан өзге, көптеген көңіл көтеру орнында кәсіби күзет, металл детекторы, дабыл түймелері, бейнебақылау жүйесі орнатылмаған. Көңіл көтеру орындарында тәртіп бұзушылықтың басым бөлігі алкогольді ішімдіктерді ішкеннен кейін орын алады. 

Ғұсман Жакин, қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы:

Қалада мыңнан астам ойын-сауық орны бар. Қоғамдық тәртіпті бақылау үшін  демалыс күндері тәртіп бұзушылық көп болатын мекемелердің алдына полиция қызметкерлерін жібереміз. Негізінде қауіпсіздікті сол ойын-сауық орталықтарының әкімшілігі де қамтамасыз ету қажет. Алайда, олар мұндай жаупкершіліктен жалтарады. Әзірге біз оларға айыппұл ғана салып отырмыз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу