Нұр-Сұлтанда қымбат көліктердің айнасы мен шамдарын ұрлаған ұры ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда қымбат көліктердің айнасы мен шамдарын ұрлаған ұры ұсталды

03.04.2019

Нұр-Сұлтанда қымбат көліктердің айнасы мен шамдарын ұрлаған ұры ұсталды. Полиция қызметкерлері оны түнде  қылмыс кезінде қолға түсірген. 35 жастағы тұрғынның үйін тінту барысында қымбат көліктің 5 шамы, 18 айна тәркіленді. Сондай-ақ, пәтерінен 9 бейнебақылау камерасы табылған. Ол ізін жасыру үшін камераларды жұлып алып кетіп отырған. Тергеу тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу