Оңтүстік Кореяда ауыр жұмыс істеген 7 қазақстандық азамат қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда ауыр жұмыс істеген 7 қазақстандық азамат қайтыс болды

02.04.2019

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. «Жасыл дәліз» режимі бойынша виза тәртібін бұзған мыңнан астам отандасымыз өз еріктерімен елге оралды. Тағы бірқатары депортацияланды. «Кореяда әлі қалып қойғандардың саны бұдан да көп»,-дейді министрлік өкілдері.

Ал, заңсыз жұмыс істеп, қайтыс болғандардың жастары 30 бен 40-тың аралығында екен. Олардың барлығы ауыр жұмысқа шыдай алмаған.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Қара жұмыс істеп, үйлеріне шаршап келіп, ұйқыға жатқаннан оянбаған. Денелерін туыстары елге қайтара алмай, біраз қиналып қалды. Өйткені мәйітті жеткізу үшін 6-7 мың доллар керек.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу