Ойылдан 5 тонна өлі балық табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ойылдан 5 тонна өлі балық табылды

01.04.2019

Атырау облысында тағы да балық қырылды. Бұл жолы Жайықта емес, Ойылда. Нақтырақ айтсақ, өлген балықтар аудандағы Жасқайрат ауылдық округіне қарасты Көкмешіт және Ақтөре жайылымдық аумақтарындағы өзен сағасында анықталған. 70-ке жуық еріктінің көмегімен жағадан 5 тонна балық түрлері жиналды. Бүгінде аталған жайтқа қатысты кешенді тексеру жүріп жатыр. 

Нариман Жүнісов, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

Бұл жағдайды Жайықтағы болған оқиғамен байланыстыруға болмайды. Өйткені, Ойыл өзені Каспий теңізімен Жайық өзенінен алшақта орналасқан. Балықтың не себепті қырылғаны әлі де тексеріледі. Бірақ, алдын ала болжам бойынша, су маржандары оттегі жетіспеушілігінен қырылған.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу