«Қайнар» зауытының өндірістік қуаты артты
Күлимаш Жұрқабаеваның зауытта жұмыс істегеніне 10 жылдан асты. Бүгінде көпбалалы ана осы жерден нәпақасын тауып, отбасын асырап отыр.
«Зауыттың өнім көлемі артқан сайын, жұмысшылардың жалақысы да көбейген. Бұл - ең алдымен индустрияландыру игілігі», дейді ол.
Күлимаш Жұрқабаева, кәсіпорын жұмысшысы:
Жалақымыз жақсы. Уақытында төленеді. Балаларым да осы жерге келіп жұмыс істесе, деп ойлаймын.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Үкімет қолдауына ие болып, несиенің пайыздық өлшемін субсидиялауға 4 миллиард теңге көлемінде қаржылай демеу алған зауыт бір жылда 10 миллиард теңгенің өнімін өндірді.
Аккумулятор батареялары қазақстандық жүргізушілермен қатар, шетелдіктерге де жақсы таныс. Мұнда 2009 жылы 400 мың аккумулятор шығарылса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 850 мың данаға жеткен.
Биыл 1,5 миллионға жуық аккумулятор шығарды. Бүгінде өнімінің 70 пайызға жуығын экспортқа шығарып отыр.
Мақсат Нұрбеков, өндіріс басшысы:
4-5 жыл болды, жаңа өндіріске ауыстық. Болашақта Польшаға, Қытайға шығайын деп отырмыз
Құрал-жабдықтарды жаңартып, жетілдіру арқылы өнім сапасын арттыру, шикізат пен материалдар шығынын азайту - басты мақсат.
Зауыт енді 2 миллионға дейін аккумулятор шығаруға қауқарлы. Оған мемлекет тарапынан қолдау да орасан. Сондықтан да алдағы мақсат айқын, әлі атқарар шаруа аз емес.
Ең бастысы енді 200-ге жуық жұмыс орны ашылатын болады. Бұл дегеніңіз, Күлимаш Жұрқабаева сынды ауылдағы ағайынның тұрмысы түзеледі деген сөз.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері өңірге 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08