Алматыда көлігінен заңсыз қару-жарақ табылған жүргізуші ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көлігінен заңсыз қару-жарақ табылған жүргізуші ұсталды

29.03.2019

Ол көлікті бүгін полицейлер ережені өрескел бұзған кезде тоқтатқан.

Тексеру кезінде көліктің барлық терезелері қараңғыланғаны, жүргізушінің бірде-бір құжаты жоқ екендігі анықталды. Сондай-ақ, көлік басқа біреуге тиесілі болған. Машинаның жүк салғышынан «Байкал» травматикалық тапаншасы мен оның оқтары, басқа көлікке тіркелген екі мемлекеттік нөмір, бір рация, ірі көлемде АҚШ доллары табылған. Қазір автокөлік айып тұрағына жеткізіліп, жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, қару-жарақтар жан-жақты тексеріліп жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

- Бұл азамат өзінің іс-әрекетін еш түсіндіре алмады. Осы оқиға болған жерге біз автокөліктің иесін шақырдық, оның танысы болып шықты. Ол азамат міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу