Қызылордадағы Тұңғыш Президент саябағына 2100 түп ағаш егілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы Тұңғыш Президент саябағына 2100 түп ағаш егілді

26.03.2019

Қызылордада Тұңғыш Президент саябағына 2100 түп ағаш  егілді. Бұл терек, үйеңкі көшеттері болашақта  үлкен саялы талға  айналады. «Нұрсұлтан қаласы - болашақтың қаласы» деген атпен өткен акцияға 2 мыңға жуық адам қатысты. Шенеуніктерден бастап, қарапайым қала тұрғындары да көгалдандыруға үлес қосты. Еліміздің барлық өңірі Нұр-Сұлтан қаласына қарап бой түзейді. Сондықтан, көпшілік, тәуелсіз  мемлекеттің  бас қаласына Елбасы есімін беру еліміздің одан әрі дамуына оң әсер етеді деп санайды. 

Ибадулла Құттықожаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

 Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында жасалған осындай шешімді бүкіл сырбойылықтар қолдайды.

Исмаил Айтжанов, Белкөл кентінің тұрғыны:

Тұңғыш Президентіміздің саябағында көшет отырғызып жатырмыз. Өз үлесімізді қосып, үлкен саябаққа айналдырып жатырмыз.  Халқымыз тыныш болсын, еліміз берекелі болсын. 

 

Ақареке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу