Астана атауын өзгертуге байланысты қазынадан қосымша қаражат бөлінбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана атауын өзгертуге байланысты қазынадан қосымша қаражат бөлінбейді

26.03.2019

Елорданың атауын өзгертуге байланысты қазынадан қосымша қаражат қарастырылмаған.  Бұл туралы бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. «Бұл мақсатқа алдағы уақытта да ақша бөлінбейді», деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінде ескі көше маңдайшалары мен қаладағы жазуларды жаңартып тұру үшін 40 млн. теңге қарастырылған. «Бас шаһардағы өзгертулерге осы қаражат жеткілікті», дейді Смайылов. Мемлекеттік мекемелердің құжаттарын басып шығаруға да артық ақша қарастырылмаған. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі:

Біздің мемлекеттік органдардың электронды құжат айналымына өткенін ескеру керек. Сонымен бұл бланкілерді өзгертуге айтарлықта шығындар қажет етілмейді және бұл шығыстар жыл сайын бөлінетін қаржының шеңберінде іске асырылады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу