Әлемдік көшбасшылар пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік көшбасшылар пікірі

20.03.2019

Әлемдік көшбасшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдемесіне қатысты әлі де пікір білдіріп жатыр.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ілгері интеграцияның бастаушысы және ЕурАзиялық экономикалық одақтың авторы. Сондай-ақ, бұл жоба оның тікелей қолдауы арқылы әрі жұмыс барысына өзінің қатысқандығы арқасында жемісті дамып келеді. Біз өз тарапымыздан сол жағдайлардың тұрақты болуына барымызды саламыз. Ресей Қазақстанмен байланысты тиісті деңгейде ұстап тұру үшін қолдан келгенді жасайды.

Игорь Додон, Молдова Президенті:

Мұндай жаңалықты күтпедім. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы және бұрынғы посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық батыл қадамдарына қатысты рөлін ерекше атап өту керек. Көп жағдайда соның арқасында Молдова ЕурАзиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мәртебесін алған бірінші ел болды.

Гэн Шуан, Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының іргетасын қалаушы, Ұлт көшбасшысы. Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 27 жыл бойы Нұрсұлтан Назарбаев көп жақты стратегиялық әріптестікке ықпал болып келеді.

Владимир Зайнетдинов Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының баспасөз хатшысы:

Нұрсұлтан Назарбаев аталған ұйымның бастауында тұр. Құжаттарына өзі қол қойды. Қазақстан жедел әрекет ету ұжымдық күшінің құрылуына да сеп болды.

Андрейс Мамыкинс Еуропалық Парламенттің депутаты, шетел істері комитетінің мүшесі:

Кету фактісінің өзі – өте мықты, іштей берік әрі мақсатты адамның ісі. Назарбаев өз еркімен кетіп барады. Яғни ол мемлекеттің келешегіне сенеді. Ол ел дамуының тұрақты екенін көріп тұр және ол ел демократияның тура бағытынан танбайтынын, мемлекетті нығайту мен халықаралық аренадағы рөлі көтерілетінін түсініп отыр. Назарбаев тұсында Қазақстан мықты болды. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу