Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясы Жетісу жерінен бастау алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясы Жетісу жерінен бастау алады

20.03.2019

Қазақстан Халқы Ассамблеясы құру идеясы Жетісу жерінен бастау алады. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Қазақстандағы өзге этнос өкілдері Жетісу халқының құрылтайында бас қосты. Міне, осы жиыннан кейін Елбасының Ассамблея құрып көптеген ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақ астына біріктіреді.

Осы бір ауқымды жұмыстың басы қасында болған Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай мемлекет басшысының қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан үлесі зор екенін айтады. Әсіресе жас мемлекеттің қалыптасу жылдарында қоғамдық институт ел бірлігін сақтап, Қазақстанда тұратын әр этностың тілі мен дінін, мәдениеті мен дәстүрін дамытуға үлкен үлес қосты.

Ғабит Тұрсынбай, Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, ақын:

Егер де біз сол кезеңде Елбасының бастауымен қазақстандықтарды бір мақсатқа жұмылдыра алмаған болсақ, біздің отанымыз Қазақстан деген ұғымды көкейлеріне қондырып, өскелең ұрпақты тәрбиелей алмаған болсақ, мұндай патриотизм болмас еді. Қазір кез келген этнос өкілдері Қазақстанда тұрып жатқан мен осы елдің азаматымын деп, тең құқықты азамат екенін бар жаһанға жар салып айта алады. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу