Алматыдағы Мемлекеттік бизнес колледжінде Наурыз мерекесі тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Мемлекеттік бизнес колледжінде Наурыз мерекесі тойланды

19.03.2019

Оған көпбалалы аналар құрметті қонақ ретінде шақырылды. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан тәлімгерлерге әлеуметтік көмек көрсетілді. Техникалық жұмысшы мамандарды даярлайтын оқу орнындағы Жаңару мерекесінде тағы қандай ерекшеліктер болды?

Алты баланың анасы Әсем Жұбаниязованың тұңғышы Мемлекеттік бизнес колледжінің бірінші курсында оқиды. «Күміс алқа» иегері бұған дейін білім ошағына қызының сабағын қадағалау үшін келетін. Енді мерекеге шақырып, құрмет көрсеткенде мерейі көтерілді.

Әсем Тасболатқызы, көпбалалы ана:

- Бүгінгі Ұлыстың ұлы күнінде бізді осылай қонақ ретінде шақырып жатқанына рақметімді айтамын.

Колледжде білім алатын 60 балаға әлеуметтік көмек ретінде 10 мың теңгеден қаржылай сыйақы берілді. Оған қоса, озат студенттердің шәкіртақысына қосымша қаражат қосылады. Сондықтан мұндай көмекке ата-аналар алғысын айтса, тәлімгерлер дән риза.

Ұлжалғас Камалқызы, Алматы Мемелекеттік бизнес колледжі директорының оқу-өндірістік ісі бойынша орынбасары:

- Наурыз мерекесіне орай колледжімізде үлкен той болып жатыр. Көпбалалы отбасындағы балаларға үлкен әлеуметтік қамқорлық көрсетіп жатырмыз.

Қазір Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде 1600 студент білім алып жатыр. Олар 7 мамандық бойынша оқиды. Биыл Президенттің тапсырмасын іске асыру үшін жұмысшы мамандарды даярлауға басымдық берілген. Атап айтсақ, тағам өндіру технологиясы, аспаз сияқты мамандықтарға түскендер көп. Сондықтан олар Наурыз мейрамына ұлттық тағамның түр-түрін дайындап әкелген.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу