Атыраулық кәсіпкер арбаға таңылған спортшыға 3 бөлмелі үй сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық кәсіпкер арбаға таңылған спортшыға 3 бөлмелі үй сыйлады

18.03.2019

Медет Сұпығалиев - қол күрестен Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері. І топтағы мүгедек бұған дейін 3 баласымен әр жерде пәтер жалдап келген. Атыраудың атымтай жомарты мұқтаж адамдарға осымен үшінші рет баспана сыйлап отыр.

Айта кетейік, бүгінде аймақта 21 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұрғын бар. Олардың 4  мыңға жуығы баспана кезегінде тұр.

Медет Сұпығалиев спортшы:

Рахмет айтамын. Сыйлап жатыр. 

Әлібек Семғалиев кәсіпкер:

Біздің кәсіпкерлеріміз, жалпы, халық бір-біріне қамқоршылық жасау қажет деген Елбасымыздың сөзі бар. Бүгінгі таңдағы үшінші баспана. Жақсылық жасап жарысып, әлде де мұның санын көбейтуге тырысамыз.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу