Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жүрген жастарға 1000 пәтер жалға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жүрген жастарға 1000 пәтер жалға беріледі

18.03.2019

Биылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жүрген жастарға 1000 пәтер жалға беріледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Асхат Ораловтың сөзінше, баспаналарды кейіннен жастар өздеріне меншіктеп ала алмайды. Азаматтар бұл бағдарламаға қатысуы үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінде есепшот ашуы тиіс және алдағы 3 жылда «7-20-25» бағдарламасына қаржы жинауы шарт.

Пилоттық жоба әзірге осы үш қалада жүзеге асырылады. Алайда, келешекте бұл бастама мегаполистермен шектелмей, Қазақстанның басқа да аймақтарында қолдау таппақ. Айта кетейік, бүгінде елімізде 4 миллионға жуық жас бар.

Асхат Оралов, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Кейбір аймақтарда жас отбасыларға арналған «7-10-25» қосымша бағдарламасы қабылдануда. Ақтөбе өңірінде қосымша бағдарлама қабылданды.

Хабарламаларға жазылу