Жасөспірімдер қоқысты кәдеге жаратудың әдісін ойлап тапты. «Білім беру үрдісіндегі экологиялық тәрбие» атты семинарда мектеп оқушылары инновациялық жобаларын ұсынды.
Эко челендж семинары – балалар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды, табиғат зардабының себебін түсіндіруді көздейді. Пайдаға жарамсыз заттарды тұрмысқа қажетті дүниелерге айналдырған жас буын алдағы уақытта өз жұмыстарын жетілдіре бермек.
Мәселен, картоп қабығынан табиғи сұйықтық жасауға болады. Қайнатылған сиропты крахмалдың табиғи түрі ретінде қолдануға болады. Оқушылар осыған дейін жасаған жұмыстарын балалар үйлеріне сыйға тартқан.
Гүлнар Ибраева, Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының басшысы:
Мұндағы көрсетілген жұмыстардың көбі жарамсыз материалдардан жасалды. Ал, бүгін балалар сол заттарға екінші мүмкіндік бергендей. Көрмеге қойылған жәдігерлер қораптан, сынған сауыттар мен пластиктерден қайта өңделіп жасалды.
Асима Нұрбайқызы