Алматыда белгілі ғалым Мұса Бесбаевты еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда белгілі ғалым Мұса Бесбаевты еске алу кеші өтті

14.03.2019

Алматыда белгілі ғалым, бірнеше қазақ жоғары мектебінің құрушысы Мұса Бесбаевты еске алу кеші өтті. Оған ұстаздар қауымы мен қоғам белсенділері қатысты.

Оқымысты Астанадағы Гумилев Еуразиялық университеті мен Сәкен Сейфуллин атындағы агро-техникалық университтерінің құрылуына атсалысқан. Ал, тоқсаныншы жылдары Алматыда тұңғыш рет әлеуметтік және еңбек саласы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орнының негізін қалаған.

Сол академияның ғимаратында Мұса Бесбаевтың есімін есте қалдыру үшін арнайы дәрісхана ашылды. Еңбек жолын қарапайым механизатордан бастаған академик 220-дан астам зерттеу еңбек жазып, қазақ ғылымының қазынасына айналдырды.  

Нәбижан Мұхаметханұлы, тарих ғылымдарының докторы:

Ол қазақ тарихын жазуда жаңа концептуалдық көзқарас ұсына білді. Қалай жазу керек дегенді айтты. Екіншіден, бұл кісі қазақ қоғамына не керек екенін жақсы байқай білген. Мінекей, Еңбек академиясын құруы осыдан. Демек қазаққа еңбек мәдениеті, еңбек техникасын игеру керек болды. Ол экономикалық тұрғыдан пайда қумады. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ                        

 

Хабарламаларға жазылу