Әлем тарихшылары Ақтауда бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем тарихшылары Ақтауда бас қосты

13.03.2019

Былтыр өңірде кешенді экспедиция ұйымдастырылып, жаңа тарихи деректер анықталған еді. Халықаралық зерттеуге көрші елдің тарихшылары мен деректанушылары да атсалысты. Мәселен, 5 жерасты мешіті табылып, мемлекет қарауына өтті. Көміліп қалған көне шыңырау құдықтар анықталып, XIII ғасырда өмір сүрген адамның бет-әлпеті жасалды. Енді осы ескерткіштерді ғылыми айналымға енгізу көзделіп отыр. Конференцияның қорытындысы бойынша, ғалымдардың еңбектері ғылыми жинаққа топтастырады.

Вадим Трепавлов, профессор, тарих ғылымдарының докторы:

- Маңғыстау - тарихи жәдігерге бай өлке. Зерттейтін, зерттелетін дүние көп. Бүгінгі конференцияның ғылымға, тарихқа берері мол. Маңғыстауды мекендеген халықтар мен көрші елдердің тарихы, этнографиясы бойынша ғылыми зерттеулерді тоғыстыру бағытын қарастырып жатырмыз.

Метин Екичи, Эгей университетінің докторы:

- Бұл конференцияда талқыланған тақырыптар түбі бір түркі әлеміне ортақ. Бүгінгі жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласында жазылған тың дүниелер де айтылды. Жалпы, өзім былтыр Маңғыстауда ұйымдастырылған экспедицияға қатыстым. Таңғажайып жерасты мешіттерін көрдім.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу