«Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры әлеуметтік бағдарламалардың көлемін ұлғайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры әлеуметтік бағдарламалардың көлемін ұлғайтады

05.03.2019

Бұл туралы Мемлекет басшысының қойған тапсырмаларын орындауға арналған жиында Ахметжан Есімов мәлімдеді. «Самұрық-Қазына» денсаулық сақтау, салауатты өмір салты, медицина, білім беру, жалақы және қайырымдылық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жалғастырады.

2019 жылы қордың компаниялар тобында ең төменгі жалақының деңгейін 42 500 теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жастарды қолдауға бағытталған шаралар да назардан тыс қалмақ емес. Жиын барысында қор төрағасы жұмыстардың нақты жоспарын әзірлеп, жүзеге асыуын қатаң бақылауда ұстауларын тапсырды.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

- Өткен жыл қор үшін табысты болды. Кірістерді 32 пайызға ұлғайттық. Мемлекет бюджетіне 1 триллион теңге көлемінде қаржы құйдық. Осылайша біз әлеуметтік бағдарламаларды жалғастырып қана қоймай, оларды кеңейте түсуге мүмкіндік алдық.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу