Ақмола облысындағы ауылдардың 35 пайызында орталықтандырылған су жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы ауылдардың 35 пайызында орталықтандырылған су жоқ

22.02.2019

Бұл мәселе кезең-кезеңмен шешіледі. Халық алдында есеп берген облыс әкімі осылай деді. Аймақта инвестиция көлемі 26 пайызға көбейген. 52 миллиард теңгенің 4 жобасы іске асқан. Алайда, орташа жалақы мөлшері бойынша республикада 12-ші орында ғана.

Былтыр 480 мың шаршы метр баспана, яғни 4700 пәтер қолданысқа берілген. Биыл 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарда бар. Баспаналардың бір бөлігін дәрігерлерге бөлуді қарастыру қажет. Себебі өңірде медицина мамандары тапшы. Есептік кездесуге келген тұрғындар жеке және жалпыға ортақ мәселелерді көтерді. Жол, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру туралы сұрақтар көп болды.

Өміртай Жүсіпов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Былтыр жаңа жылдан бастап мынау энергияның бағасы төмендейді деп сендіріп, қуанып қалып едік. Бірақ аса қатты өзгермеген.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу