Мұнай-газ саласында маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай-газ саласында маман тапшы

22.02.2019

«Қара алтынды» игеруге отандық кадрлар жетіспейді. Бұл туралы Атырауда сала мамандары бас қосқан форумда айтылды. Сарапшылардың айтуынша, білім-білігі толысқан жастар оңтайлы жағдай жасалмаған соң, шетел асып жатыр.

Айталық, былтыр техникалық бағытта жоғары білім алған 11290 отандасымыз өзге мемлекеттерге қызметке кеткен. «Сондықтан оқу бағдарламасына жаңаша көзғараспен тереңдетілген заманауи әдіс-тәсілдер енгізу керек», - дейді сала мамандары.

Айгүл Ахметқалиева, «Атамекен» ҰКП президиумы төрағасының кеңесшісі:

- Жыл сайын техникалық мамандық иелері кетіп жатыр. Бүгінгі жағдайда біз кадрларды өндіріске жұмысқа орналастыра алмай жатырмыз. Өйткені сапалары өте төмен.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу