Энергетика саласындағы әріптестік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика саласындағы әріптестік

18.06.2014
Энергетика саласындағы әріптестік
 
«Жасыл» экономика құруда және электр қуатын жаңа тәсілдермен өндіруде, оны таратуда Қазақ елі Еуропалық одақпен бірлесіп жұмыс істемек. Бұл «INOGATE»бағдарламасының арқасында мүмкін болмақ.
 
Мұндай жаңалық Мұнай және газ министрлігі мен «INOGATE» техникалық хатшылығы бірлесіп өткізген жиында айтылды. Біздің ел - Еуроодақтың энергетикалық бұл бағдарламасына 1996 жылдан бермен мүше.
 
18 жылдың ішінде, Қазақстан осы ұйымның қолдауымен көмір өндірісі, мұнай-газ саласында 41 инновациялық жобаны жүзеге асырыпты. Мұнан бөлек, еуропалық мамандар қазақ әріптестеріне талай жылғы тәжірибесімен бөлісіп, өндіріске ноу-хау әдістерді енгізуге көмектескендерін айтып отыр.
 
Альберт Звиринг, «INOGATE» техникалық хатшылығының басшысы:
«INOGATE» бағдарламасының басты мұраты – әріптес елдің энергетикалық саласын түбегейлі жаңарту. Осы бағдарламаның аясында мұнай-газ өндіру, оны тарату бойынша біз бірнеше тың тәсіл ұсынып отырмыз, Қазақстанға. Мұнан бөлек, «Жасыл» экономикаға көшуде балама энергия көздерінен қуат өндіру, «жасыл» технологияларды қолдану жағынан да көмек береміз.
 
Нұрбек БЕКБАУ
 

Хабарламаларға жазылу