Ашық тұрған кәріз құдықтары үрейді алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ашық тұрған кәріз құдықтары үрейді алды

20.02.2019

Қайғылы оқиғаға байланысты елорда полициясы тергеу, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жасөспірімнің өліміне қатысты мән-жай анықталып жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, баланың денесінен қандай да бір зорлық көрсетілген белгілер анықталмаған. Ал «қаныпезер құдықтар» үшін кім жауап береді?

Өзекті өртейтіні сол, жыл басталғалы тек 50 күн ішінде елордада осымен үшінші қайғылы оқиға тіркелді. Құдыққа құлаған балалардың біреуі ғана аман қалды. Ал, Бақдәулет құлаған кәріз құдығы «Астана Су Арнасына» тиесілі екен. Оқиғадан соң бүгін жауапты мекеме қақпақтарды әкеліп, беті ашық құдықтарды жаба бастады. Мекеме басшылығы «40-шы станция» тұрғын үй алқабында жақында ғана тексеріс болғанын және ол кезде қақпақтары орнында болғанын айтып ақталды.

Сергей Вилков, «Астана Су Арнасы» МКК бас директорының орынбасары:

- Өткен жылы 1380 құдықтың қақпағын қайта орнаттық. Қоямыз, қайта ұрланады. Темір-терсек қабылдайтындарға қосымша шара қажет. Және құдық қақпағынан үстінен тор сияқты ұрылар әкете алмайтындай бір амалын табу керек. Көбінесе осындай шеткі аудандарда жиі болып жатады.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу