Балықтардың өлексесін өртеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балықтардың өлексесін өртеп жатыр

20.02.2019

Атыраудағы тауарлы бекіре өсіру зауытында қырылған балықтардың өлекселері өртелуде. Кәсіпорыннан 101 тоннадан астам өлі балық жиналған. Өлексенің 90 пайызға жуығы арнайы крематоридегі 4 қосалқы пеште жағылады.

Зауыт басшылығы бекіренің уланғанын растап отыр. Өйткені балықтардың бауыры езіліп, желбезектеріне қан ұйып қалған. Нақты себебі әлі күнге дейін белгісіз. Қып-қызыл шығынға батқан мекеме 600 дана аналық бекіреден 500 келі тауарлы қара уылдырық алуды жоспарлаған болатын.

Әділет Қайыров, ЖШС менеджері:

- Күніне 8 тоннадай жағамыз. Екі ауысымды. Күні-түні. Бұл - биологиялық қалдық. Түтіні ешқандай зиян емес. Кәдімгідей ауаға ұшып кетеді, адамға зиянын келтірмейді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу