БҚО-да «Мейірімді көктем» қайырымдылық шарасы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да «Мейірімді көктем» қайырымдылық шарасы өтіп жатыр

20.02.2019

«Мейірімді көктем». Батыс Қазақстанда осындай атаумен мұқтаж жандарға жәрдем беретін қайырымдылық шарасы басталды. Акция аясында кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекеме өкілдері, әсіресе, көпбалалы отбасыларға көмек береді. Мәселен, облыстық Білім басқармасы мен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұжымы қайырымдылық жәрмеңкесі мен сазды кеш ұйымдастырды. Шарадан түскен 540 мың теңге қаржы қос көпбалалы отбасыға берілді. «Мейірімді көктем» акциясы осымен үшінші жыл өтіп жатыр.

Ләззат Өтепқалиева, көпбалалы ана:

- Жеті балам бар. Жеті баламның біреуі – науқас. Баспанамыз жоқ, жалдап тұрамыз. Жинаған қаражатымызды сол баланың еміне жұмсаймыз. Былай да халық көмектесіп жатыр. Алғысым шексіз.

 Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу