Қазақстандықтар енді көліктеріне кез келген нөмірді ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар енді көліктеріне кез келген нөмірді ала алады

15.02.2019

Жоғары сұранысқа ие емес, яғни VIP нөмірге жатпайтындарын Электронды үкімет порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан таңдап алуға болады. Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев осылай деді.

Бұл мүмкіндікті көлікті қайта тіркеу орындарында кей адамдар өз қажеттілігіне пайдаланып жүр. Қарапайым халықтан «әдемі» нөмір әперемін деп, ақша алатындар көбейген қазір. Анығында сандардың кез келген комбинациясы тұрғындарға қолжетімді.

Ильдар Үйсімбаев, Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры:

- Жүргізілген тексерудің нәтижесінде халықтың кей мәселелерді білместігін пайдаланып жүргендер де анықталды. Көлігін тіркеуге келгендерге делдалдар құжаттарыңызды жылдам рәсімдеп береміз деп уәде етіп, ақша алады. Сосын 1 сағаттың ішінде құжат дайындайды. Ол жерде кез келген адамның құжаты делдалсыз-ақ 1 сағатта әзірленеді. Яғни, үшінші біреулер жоқ жерден ақша тауып жүр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу