Әлеуметтік жобалар - басты назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік жобалар - басты назарда

15.02.2019

Ақмола облысында 560 ІТ сыныбы ашылған. Бұл - республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Іске «Нұр Отан» партиясы мұрындық болды. Бұл туралы партияның Ақмола облыстық филиалының 30-ыншы конференциясында айтылды. Жиында өзге де әлеуметтік салада атқарылып жатқан шаралар пысықталды.

Мәселен, өткен жылы аймақта 480 мың шаршы метр баспана, яғни 4700 пәтер халық игілігіне берілді. «7-20-25» бағдарламасы аясында 241 өтініш мақұлданды. Былтыр «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 3,4 миллиард теңгенің 353 жобасы жүзеге асқан. Бұл жаңа жұмыс орындарының пайда болуын қамтамасыз етті. 

Қанат Ыдырысов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:

- Ауыл шаруашылығында алқаптарды әртараптандыру жүргізіліп жатыр. Майлы дақылдар алқабы көбейді. Нәтижесінде арпаның экспорты 2,3 есеге, жысымық 1,3 есеге, ал зығыр 1,4 есеге артты. Бидай экспорты 20 пайызға жоғарылады. Былтыр 712 тонна сиыр етін шетелге саудаладық. Биыл бұл көрсеткішті 2,5 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр.   

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу