Қостанайда су тасқынына қарсы күрес күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда су тасқынына қарсы күрес күшейтілді

15.02.2019

Қостанайда су тасқынына дайындық жұмыстары басталып кетті. Өзендер мен арықтардың арналары, су өткізгіш құбырлар тазартылып жатыр. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Әркім өзінің ауласының, үйінің маңының қарын күреп, суағарларды аршып қоюы тиіс. Осы уақытқа дейін облыстағы тасқын басу қаупі бар елді мекендерден 600 мың текше метр қар шығарылған. Төтенше жағдай бола қалса, тұрғындар уақытша паналайтын орын да дайын. Олар азық-түлік, дәрі-дәрмек тәрізді ең қажетті заттармен қамтылған.

Орынқыз Меңдібаева, ТЖД бөлім басшысы:

- Бізде тасқынға қарсы күрес жедел штабы жұмыс істейді. Оның телефондары ақпарат құралдары арқылы көпшілікке жарияланады. Қандай да бір оқиға орын алса тұрғындар сол штабқа хабарласуы тиіс. Бұл жедел әрекет етіп тасқынның зардабын неғұрлым тезірек жоюға мүмкіндік береді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу