Алматыда көрнекті ғалым Жүнісбек Жұмабековке арналған ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көрнекті ғалым Жүнісбек Жұмабековке арналған ескерткіш тақта орнатылды

12.02.2019

Алматыда көрнекті ғалым, тарихшы Жүнісбек Жұмабековке арналған ескерткіш тақта орнатылды. Мемориалды тақтайша ұлағатты ұстаз тұрған үйдің қабырғасына қойылды. Ғалым 1974-1980 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметін атқарған. Талай жыл шәкірт тәрбиелеген оқытушы. Қазір оның шәкірттері тарих ғылымының дамуына үлестерін қосып жүр. Солардың қатарында белгілі тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков те бар. Жүнісбек Жұмабекұлы қажырлы еңбегінің арқасында екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Сондықтан, салтанатты шарада атпал азаматтың көзін көрген әріптестері, шәкірттері мен туыстары жиналғандарға естеліктерін айтты.

Талас Омарбеков, тарих ғылымдарының докторы:

- Ректор болып тұрса да, аптасына бір рет студенттерге дәріс оқуды естен шығармайтын. Сондай тамаша дәстүрі бар болатын. Елге жақын болды. Ең бастысы, ол кісі сүбелі еңбектер қалдырды.

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу